Парламент мәжілісі Египетпен арадағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент мәжілісі Египетпен арадағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітуді мақұлдады

Парламент мәжілісі Египетпен арадағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітуді мақұлдады

Бүгін, 13- қазанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітуді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қазан 2004
  • 335
Фото - Caravan.kz

Келісімнің мақсаты — екі мемлекет аумағы арасында әуе қатынасын орнатуға құқықтық негіз қалау болмақ.

Аталмыш келісімнің 2-бабына сәйкес тараптардың әуе компаниялары белгіленген бағыт бойынша авиажелілерді пайдалануда бірқатар құқыққа ие болады. Атап айтсақ, екінші елдің аумағы арқылы қонбай ұшып өтуге, көрсетілген аумақта коммерциялық емес мақсатпен аялдауға, сондай-ақ, екінші елдің аумағында уақытша аялдап, халықаралық бағытта тасымалданатын жолаушы, пошта және жүктерді бортқа тиеп алуға немесе түсіруге құқық беріледі.
Келісімге 2001-жылдың 11-қарашасында Каирде қол қойылған.
Келісімді бекіту туралы заң жобасы сенатқа жолданды.

Перейти к новостям спорта