Парламент мәжілісі Қазақстан мен Жапония арасындағы техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент мәжілісі Қазақстан мен Жапония арасындағы  техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Парламент мәжілісі Қазақстан мен Жапония арасындағы техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Бүгін, 4-мамырда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы Техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Мамыр 2005
  • 405
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын палата отырысында таныстырған ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтың айтуынша, «келісім Қазақстан мен Жапония арасындағы бұдан былайғы техникалық ынтымақтастыққа құқықтық негіз қалауға бағытталған».

Қ.Келімбетовтың айтуынша, келісім «шын мәнінде белгілі бір шеңбер — рамка аясындағы өзгермелі келісім болмақ». Министрдің айтуынша, оны жүзеге асыруға жалғыз жағдайда ғана республикалық бюджеттен қаржы жұмсалуы мүмкін. Атап айтсақ, техникалық көмекті алушы мен донор арасында екі жақты уәкілетті мекемелерінің келісіміне сәйкес жекелеген келісімдерге қол қойылған жағдайда ғана қаржы жұмсалады. Ал уәкілетті мекемелер ретінде ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі мен Жапонияның СІМ бекітілген. Келісімге 2004-жылдың 27-тамызында қол қойылды.
Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.

Перейти к новостям спорта