Парламент мәжілісінің депутаттары "Қазақстанның еңбек ері" деген жаңа атақты қолданысқа енгізуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент мәжілісінің депутаттары "Қазақстанның еңбек ері" деген жаңа атақты қолданысқа енгізуді мақұлдады

Парламент мәжілісінің депутаттары "Қазақстанның еңбек ері" деген жаңа атақты қолданысқа енгізуді мақұлдады

Астана. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Парламент мәжілісінің депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Қараша 2008
  • 440
Фото - Caravan.kz

Отырыста сөз сөйлеген ҚР президентінің әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, бұл заң жобасымен «Қазақстанның еңбек ері» деген жаңа атақ енгізіледі.

«Таныстырылған заң жобасына сай аталған мемлекеттік награда «Алтын қыран» ордені мен «Халық қаһарманы» атағымен бірге ең жоғары атақтардың бірі болмақ», — деді М. Әшімбаев.

Атақ Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық дамуына қосқан ерен үлесі үшін тағайындалады.

«Заң жобасына сай, «Қазақстанның еңбек ері» атағына лайық деп табылған адамдарға «Алтын жұлдыз» айрықша айыру белгісі мен «Отан» ордені беріледі», — деді М. Әшімбаев.

«Алтын жұлдыздың сипаттамасын ел президенті бекітеді», -деді ол.

М. Әшімбаевтың айтуынша, алтын жұлдыз алтын құймасынан жеті шұғылалы жұлдызды алқа түрінде жасалады. «Жалпы алғанда, «Қазақстанның еңбек ері» атағын қолданысқа енгізу үлкен жалпымемлекетттік маңызға ие», — деді Әшімбаев.

Заң жобасы парламенттің қарауына президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұсынылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар