Мәселен, М.Тұңғышбаевтың айтуынша, тіркеу процессі мен еліміздің үш қаласы мен 11 облысындағы 36 округтік комиссияның жұмысын бақылау барысында Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі сайлау комиссиясының жұмысына атқарушы билік органының араласуы, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары барысында бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің заңнамалық тетіктерінің жоқтығы тәрізді олқылықтарды анықтады.
Сондай-ақ, М.Тұңғышбаевтың айтуынша, бақылау барысында Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісінің өкілдері сайлау комиссияларының жұмысын қиындатып, сайлаушылар мен бақылаушылар құқығына нұқсан келтіретін бірқатар кемшіліктерді анықтады. Мәселен, сайлау комиссияларының жұмыс регламенті мен тетіктері егжей-тегжейлі айқындалмаған. «Сондай-ақ, көптеген сайлау комиссиялары бақылаушыларға отырыс хаттамаларының көшірмесін бермей, Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісінің өкілдерін жұмыс бабындағы отырыстарға қатыстырмады»,- деді М.Тұңғышбаев.