Парламент мәжілісінің төрағасы болып Орал Мұхамеджанов сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент мәжілісінің төрағасы болып Орал Мұхамеджанов сайланды

Парламент мәжілісінің төрағасы болып Орал Мұхамеджанов сайланды

Бүгін, 3-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында жасырын дауыс беру жолымен палата төрағасы болып Орал Мұхамеджанов сайланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Қараша 2004
  • 456
Фото - Caravan.kz

Дауыс беру шарасына мәжілістің 74 депутаты қатысты. О. Мұхамеджановтың кандидатурасы үшін 65 депутат дауыс берсе, үш адам қарсы шықты, 6 бюллетень қуатсыз деп танылды.

О. Мұхамеджанов 56 жаста. Ол Новосибирск кеңестік кооперативтік сауда институты мен Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген, есепші-экономист.
Қостанай және Торғай облыстарының партиялық мекемелерінде жұмыс істеді. 13-ші шақырылған Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болды. 1995-жылдан бері ҚР президенті мен үкіметінің аппараттарында жұмыс істеді. 2002-жылдың ақпан айынан бері Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің ұйымдастыру және аумақтық бөлімінің меңгерушісі болып істеді.
Мәжіліс депутаттарының сайлауында «Отан» партиясынан Қостанай облысындағы бір мандатты округ бойынша ат ұсынды. Бірінші турда жеңіске жетті.

Перейти к новостям спорта