Парламент мәжілісінің вице-спикері болып Сергей Дьяченко сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент мәжілісінің вице-спикері болып Сергей Дьяченко сайланды

Парламент мәжілісінің вице-спикері болып Сергей Дьяченко сайланды

Бүгін, 3-қарашада ҚР парламенті мәжілісінің жалпы отырысында мәжілістің вице-спикері болып Сергей Дьяченко сайланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Қараша 2004
  • 420
Фото - Caravan.kz

Дауыс беруге мәжілістің 72 депутаты қатысты. С.Дьяченконың кандидатурасы үшін 67 депутат дауыс берсе, 5 депутат қарсы шықты.

С.Дьяченко 52 жаста. Ол Куйбышев жоспарлау институты мен Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген, мамандығы — экономист. Саяси ғылымдар докторы деген дәрежесі бар.
Целиноград және Көкшетау облыстарының партиялық мекемелерінде басшылық лауазымдар атқарды. 1991-1993-жылдарда ҚР туризм, денешынықтыру және спорт министрінің орынбасары болды. 1993-1995-жылдары Қазақстанның халық бірлігі одағының саяси кеңесі төрағасының орынбасары болды. 1995-1999-жылдарда Қазақстанның халық бірлігі партиясының Орталық комитеті төрағасының бірінші орынбасары болды. 1999-жылы «Отан» партиясының атынан Алматыдағы бір мандатты округ бойынша ҚР парламенті мәжілісінің депутаты болып сайланды. 19-қыркүйектегі сайлауда қайтадан депутаттыққа сайланды.

Перейти к новостям спорта