Бұл шешім үшін отырысқа қатысқан 34 сенатор дауыс берді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісім комиссиясы сенаттан келіп түскен келесім-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланған және жобадағы өз үлесін сатуға шешім қабылдаған инвесторлардан үлесін сатып алуда мемлекетке басым құқық беру туралы ұсынысты қарады.
Сондай-ақ бұл заң жобасында «ҚазМұнайГаз» ҰК-ына мұнайгаз операцияларын жүзеге асырушы мердігерлермен шарт жасасқанда ҚР заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес жобадан міндетті түрде үлес иемдену арқылы мемлекет мүддесін қорғауға мүмкіндік беру қарастырылған. Заң жобасындағы бірқатар нормалар минералды шикізатты алғашқы сатылы өңдеу және өндіруде пайдалы қазбаның нормативтен тысқары шығынға ұшырауының алдын алуға, сондай-ақ, кеніш бойынша тау-кен-геологиялық және тау-кен-техникалық тұрғыда сапалық орташа емес, артықша жағдайдағы учаскелерді алдымен игеруге жол бермеуге бағытталады.
Заң парламентте қабылданды деп саналып, Елбасының қол қоюына жолданды.