Парламент мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңды қабылдады

Парламент мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңды қабылдады

Бүгін, 23-наурызда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан. Сөйтіп заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

  • 23 Наурыз 2005
  • 565
Фото - Caravan.kz

Сенаторлар заң жобасына техникалық сипаттағы бірқатар түзетулер енгізді, деді жалпы отырыста мәжіліс депутаты Ғаділбек Шалахметов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларды шешуге мемлекеттік бюджет қаржысының есебінен кеңінен атсалысуына құқықтық негізді қамтамасыз ету және халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы мен көлемін арттыру мақсатымен жасалған.
Бұған қоса мәжіліс депутаттары «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап, сенаттың түзетулерімен келісті. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заңға сәйкес жобаланған бұл түзету байқауға өтініш бермей-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алу ісін заңдық тұрғыда реттеуге бағытталады.

Перейти к новостям спорта