Конституциялық заңдарға енгізілетін түзетулер топтамасы қазір жүзеге асырылып жатқан әкімшілік-бюджеттік реформалар аясында мемлекеттік аппараттың барлық буындары арасында міндеттер бөлісу және бюджетаралық қарым-қатынастарды жетілдіру үшін жасалды. Соған сәйкес еліміздің Конституциялық үш заңына, атап айтсақ, «Республикалық референдум туралы», «ҚР үкіметі туралы», «ҚР конституциялық кеңесі туралы» заңдарға өзгеріс енгізіледі. Сондай-ақ, кейбір заңдарға да түзетулер енгізіледі. Заң 2005-жылдың 1-қаңтарында күшіне енеді деп күтілуде.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.