Бұл ретте құжат Қазақстанда техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің қол жетімділігін қамтамасыз етудің жаңа қаржы құралын жасауға бағытталған.
Заң арқылы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары осы саладағы оператордың функциялары мен білім беру саласындағы уәкілетті органның құзіреті айқындалады.
Заңда аталған жүйе бойынша салым шартының талаптары және қатысушының банк сияқысын төлеу міндеттері белгіленеді. Мемлекеттік сыйақысы көрсетіліп, оның мөлшері мен қайтарым тетіктері қамтылады.