Парламент "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент  "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Парламент "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Бүгін, 28-маусымда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 28 Маусым 2005
  • 366
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, құжат бойынша Агенттікке сыбайлас жемқорлық қылмысқа барғаны үшін жүктелген тәртіптік жауапкершілікті мерзімінен бұрын алып тастау туралы мәселені келісу құзыреті берілді.

Сонымен бірге Агенттікке мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар дайындауға өкілеттілік берілді. Заң жобасында сонымен бірге өкілеттілік мерзімі аяқталған судьяларды байқаусыз негізде әкімшілік сипаттағы мемлекеттік қызметке қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. Түзетулерде мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметкерлерді ауыстырып отыру заңдастырылды.

Перейти к новостям спорта