Парламент мемлекеттік сатып алу туралы келісімді ратификациялады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент мемлекеттік сатып алу туралы келісімді ратификациялады

Парламент мемлекеттік сатып алу туралы келісімді ратификациялады

Сенат бүгін пленарлы отырысында "Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі хабарлады.

  • 16 Маусым 2011
  • 415
Фото - Caravan.kz

Заң жобасы мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Келісімге 2010 жылы желтоқсан айында Мәскеуде қол қойылды.
Белорус, Қазақстан, Ресей елдері мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу және осы салада мемлекеттердің заңдарын үйлестіру саласында келісілген саясат жүргізу масқатында құжат бекітті.
Келісімге сәйкес, тараптар өздеріне бірқатар міндет алады. Мәселен, сатып алу туралы тарап елінің заңдарында сатып алу саласындағы қатынастарды реттеу; сатып алу туралы мәліметтерге кедергісіз және тегін қол жеткізу мүмкіндігімен елдердің нормативтік құқықтық актілерін жариялауды және мәліметтерді барынша кеңінен іздеуді қамтамасыз ететін веб-портал құру; ұлттық режім ұсыну; сатып алу саласындағы ұлттық бақылаушы орган құру (анықтау).
Келісімге сәйкес ұлттық режім қамтамасыз ету ерекшеліктері, сатып алуды жүргізу тәсілдері мен тәртібі, сатып алу туралы келісімшарт (өзара шарт) бекіту тәртібі белгіленеді.

Соңғы жаңалықтар