Парламент мобилизация туралы заң жобасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент мобилизация туралы заң жобасын  қабылдады

Парламент мобилизация туралы заң жобасын қабылдады

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар “Кейбір заңнамалық актілерге мобилизация және мобилизациялық дайындық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы бойынша келісім комиссиясының ұсыныстарымен келісті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 29 Маусым 2006
  • 1056
Фото - Caravan.kz

Заң шығару процедурасына сәйкес заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшыснң қол қоюына ұсынылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жалпы алғанда бұл құжат Қазақстандағы мобилизация және мобилизациялық дайындық жүйесін одан әрі жетілдіруді көздейді. Заң жобасында айқындалғандай, мобилизациялық қор қажетті мөлшерде құрылумен бірге ел экономикасына ауыртпалық салмауға тиіс. Мобилизациялық қордың сақталуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан тиісті бақылау жасалады.

Заң жобасының нормалары республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Оған 2005-2007-жылдарда 27 031,5 млн. теңге, соның ішінде 2005-жылы 8535,8 млн., 2006-жылы 9022,3 млн., 2007-жылы 9473,4 млн. теңге бөлу жоспарланған.

Перейти к новостям спорта