Парламент мұнай өнімдерінің бағасын мемлекеттік реттеу туралы заң қабылдады
Сенат бүгінгі пленарлы отырысында "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі мәлімдеді. |
Құжаттың негізгі мақсаты мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу жүйесін ретке келтіру, әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерінің бағасын мемлекеттік реттеуді белгілеу арқылы Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, заңға сәйкес өндірішулерді өндіріс қуаттылығын жетілдіруге ынталандыруға мүмкіндік беретін заңдық тетік құру, сондай-ақ мұнай өнімдерін көтерме бағамен сату рыногына қол жеткізу бойынша біліктілік талаптарын бекіту көзделген.
Бұл күні сенат депутаттары "Табиғи монополиялар және реттелетін рыноктар туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" қосымша заң жобасын қабылдады.
Екі құжат та мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін