Парламент Өзбекстанмен және Тәжікстанмен арадағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы келісімдерді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Өзбекстанмен және Тәжікстанмен арадағы халықаралық автокөлік қатынасы  туралы келісімдерді бекітті

Парламент Өзбекстанмен және Тәжікстанмен арадағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы келісімдерді бекітті

АСТАНА. 20-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін өткен жалпы отырыста сенат депутаттары "Халықаралық автокөлік қатынасы жөніндегі Қазақстан-Өзбекстан үкіметаралық келісімін бекіту туралы" заң мен "Халықаралық автокөлік қатынасы жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық келісімін бекіту туралы" заңдарды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Қараша 2006
  • 431
Фото - Caravan.kz

«Келісімнің мақсаты — аталмыш елдер мен Қазақстан арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға құқықтық негіз қалау, екі ел арасындағы автокөлікпен жүзеге асырылатын жүк тасымалы талаптарын жеңілдету болмақ.

Келісім халықаралық автокөлік қатынасын аясында жүк және жолаушы тасымалын, осы аумақтар арқылы өтетін транзитті тасымалды, сондай-ақ, екі мемлекет аумағында тіркелген көлік құралдарымен үшінші ел арқылы жүк тасымалдауды реттейді.

Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы келісімге 2006-жылдың 20-наурызында Ташкентте, ал Қазақстан мен Тәжікстан үкіметтері арасындағы келісімге 2006-жылдың 4-мамырында Астанада қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта