Жарияланды: 350

Парламент палаталарының бірлескен комиссиясы сайлау туралы заңнамаларға енгізілетін түзетулер жобасын талқылайды

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға енгізілетін түзетулер жобасы 2-ақпан, дүйсенбіде өтетін парламент палаталарының бірлескен комиссиясында талқыланады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сондай-ақ, мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінен құрылған жұмыс тобы "Қазақстан даму банкі туралы" заңға енгізілетін түзетулерді қарайды. Хабарламада атап көрсетілгеніндей, сол күні аталмыш профильдік комитеттің төрағасы Қаратай Тұрысов 70 жасқа шығады. Депутаттың мерейтойына орай парламентте халық қалаулысының өмірі мен іс-қызметі туралы мол мәлімет беретін екі кітап пен телефильмнің тұсаукесері өткізіледі. Мерейтойлық салтанатқа қоғам, БАҚ және мемлекеттік мекемелер өкілдері шақырылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін