«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын 2006-жылдың 26-қарашасында сағат 10-да Астана қаласында шақыруды бұйырамын»,- делінген мәжіліс аппараты таратқан бұйрық мәтінінде.
Бірлескен отырыста депутаттар еліміздің бірқатар конституциялық заңына енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда, соның ішінде «Парламент туралы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңға парламенттік фракциялардың ролін күшейтетін түзетулер; «Парламент туралы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңға депутаттардың құзыреті аясын кеңейтетін түзетулер; «Сайлау туралы» конституциялық заңға сайлау науқаны кезінде митингілер мен шерулер өткізуге тыйым салуды алып тастайтын өзгерістер; «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңға өзгерңстер мен толықтырулар енгізу туралы талқылау межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті