“Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын 2006-жылдың 30-маусымында сағат 10-да Астана қаласында шақыруды бұйырамын”,- делінген мәжіліс аппараты таратқан бұйрық мәтінінде.
Бірлескен отырыста үшінші шақырылған парламенттің екінші сессиясы жабылады. Отырыста парламенттің осы сессия барысындағы іс-қызметінің қорытындысы шығарылады.