Атап айтсақ, «Сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілетін бір топ мәжіліс депутатының бастамасымен жобаланған өзгерістер заңнан «электронды сайлау жүйесін пайдалана отырып өткізілетін сайлаудың ерекшеліктері туралы» 9-1 тарауды алап тастауды қарастырады. Заң жобасына берілген түсініктемеде атап көрсетілгеніндей, «бұл өзгеріс республикалық бюджет шығындарын 4,2 млрд. теңгеге кемітуге мүмкіндік береді». Түзетудің бастамашылары электронды дауыс беру жүйесінен бас тартуды талап етеді. Бүгін бұл заң жобасын қос палата жұмыс кестесіне енгізді. Түзетулер 2004-жылғы қыркүйекте бірінші оқылымда қаралады деп күтілуде.
Түсініктемеде атап көрсетілгеніндей, Конституциялық заңдарға енгізілетін түзетулердің екінші топтамасы қазір жүзеге асырылып жатқан әкімшілік-бюджеттік реформаларға сәйкес жасалды. Ол мемлекеттік аппараттың барлық бұтақтары арасында функцияларды бөлу және бюджетаралық қарым-қатынастарды
жетілдіруді көздейді. Түзетулер арқылы «Республикалық референдум туралы», «ҚР үкіметі туралы» және «ҚР Конституциялық кеңесі» туралы үш Конституциялық заңға өзгеріс енгізіледі. Сондай-ақ, 122 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Бұл заңды қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы жұмсауды талап етпейді. Заң қабылданса, 2005-жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді деп күтілуде. Түзетулер 2004-жылғы қыркүйекте бірінші оқылымда қаралады.