Парламент палаталарының бірлескен отырысында үкіметтің 2003-2006-жылғы жұмыс бағдарламасы бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент палаталарының бірлескен отырысында үкіметтің 2003-2006-жылғы жұмыс бағдарламасы бекітілді

Парламент палаталарының бірлескен отырысында үкіметтің 2003-2006-жылғы жұмыс бағдарламасы бекітілді

Бүгін, 30-маусымда өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында халық қалаулылары үкіметтің 2003-2006-жылғы жұмыс бағдарламасын бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 30 Маусым 2003
  • 630
Фото - Caravan.kz

Бұл шешімді сенаттың 34, мәжілістің 64 депутаты қолдап дауыс берсе, 5 депутат қарсы дауыс берді, қалыс қалған бір адам бар.

Кеше кешкісі, парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеген ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов үкіметтік бағдарламаны ортаға салды. Жаңа құрамдағы үкімет еліміз экономикасындағы өсу одан әрі жалғасып, тұрақтылық нығая түскен кезеңде жұмысқа кірісті, сондықтан жаңа үкімет бар күш-жігерін бұдан да жоғары даму деңгейіне қол жеткізуге жұмсайды деді үкімет басшысы. Үкімет ұзақ мерзімді стратегиялық және күнделікті тер төгуді талап ететін қысқа мерзімді ағымдағы мақсаттарды бірдей жүзеге асырғалы отыр деді ол.
Үкімет басшысының айтуынша, экономикалық және әлеуметтік тиімділігі тез арада көрініс беретін кезек күттірмес мақсаттар да бір уақытта шешімін таппақ. «Сабақтастық принципінен ауытқымаған үкімет қоғамдық-саяси тұрақтылық негізінде халықтың тұрмыстық деңгейін арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамуда қазір қалыптасып отырған тұрақтылықты сақтау, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуды, басты мақсат ретінде діттеп отыр, сондай-ақ, үкімет әлеуметтік-экономикалық саясаттың басты қағидаларының сабақтастығын дәлелдей отырып, соңғы бір жарым жылда қабылданған бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыруды одан әрі жалғастырмақ»,- деді Д.Ахметов.
Үкіметтің 2003-2006-жылға есептелген үш жылдық бағдарламасын орындаудың басты индикатор-көрсеткіштері айқындалды. Жалпы Ішкі Өнімнің жылдық орташа нақты өсімін 7-7,5 процентке жеткізу межеленді. Бұл — 2015-жыл дегенде Жалпы Ішкі Өнімнің көлемін үш есе ұлғайтуды көздеген стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге қажетті өсу қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осыған сәйкес 2006-жылдың өзінде жан басына шаққандағы Жалпы Ішкі Өнім көрсеткіші 2,6 мың долларды құрап, қазіргі деңгейден 1,5 есе артады . Сондай-ақ, үкімет — кірісі күнкөріс деңгейіне де жетпейтін тақыр кедейлердің үлес санын 2006-жылдың соңына дейін 20 процентке кемітуді көздеп отыр.
«Өткен жылдармен салыстырғанда біз бұдан да жоғары өндірістік даму деңгейін межелеп, жылдық орташа инфляция өсімін 4,5-5,5 процент, өнеркәсіп өнімінің жылдық орташа өсімін 9-9,5 процент деңгейінде қамтамасыз ету болжанып отыр»,-деді үкімет басшысы. «Болашақ жоспарларымызда біз экономикалық даму қарқынына сыртқы факторлардың әсерін де ескердік. Макроэкономикалық көрсеткіштерді қазіргі деңгейден арттыру оңайға түспейтіні анық, дейтұрғанмен, діттеген шараларды жүзеге асыру алға қойған ауқымды мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізеді дегенге сенім зор»,- деді Д.Ахметов.
2003-2006-жылғы үкімет жұмысының басым бағыттары ретінде мыналар таңдалды: экономикалық өсу тепе-теңдігін сақтау негізінде аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі айырмашылықтарды азайту, мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамсыз ету және ауылдағы тұрмыстық ахуалды сапалық жоғары деңгейге көтеру, 2003-2015-жылдарға есептелген индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру, білім беру, халықтың кәсіптік білім деңгейін көтеру және ғылым саласын дамытудың қазіргі заманғы әрі тиімді жүйесін қалыптастыру .
Сондай-ақ, үкімет шағын және орта бизнесті дамыту , халықтың әлеуметтік және зейнетақы қамтамасыздығы жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің айлық жалақысын арттыруды, Астананы одан әрі дамытуды қамтамасыз ететін тиімді шараларды қолдануды межелеп отыр. «Алға қойған мақсаттары мен орта мерзімді басымдық берілген бағыттарға қол жеткізу үшін үкіметке макроэкономикалық тепе-теңдікті , еліміздегі қаржылық және бюджеттік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сауда-саттық режимі мен қаржылық жүйені либерализациялауға, халықтың тұрмыстық деңгейін арттыру нәтижесінде ішкі сұранысты арттыруға, кедейлік пен жұмысссыздыққа қарсы күреске, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға бағытталған міндеттерді шешу талабы қойылып отыр»,- деді үкімет басшысы.
Д.Ахметовтың айтуынша, индустриялық-инновациялық даму стратегиясының басты мақсаты — жекелеген өндірістермен бірге жалпы өнеркәсіп саласын тұтастай қайтадан құрылымдық өзгертуден өткізу болып табылады. «Бұл — өнеркәсіп құрылымында оңды өзгерістерге қол жеткізіп, қазіргі заманғы корпоративтік құрылымдар қалыптастыру, ұзақ мерзімде сервистік-технологиялық экономикаға бет бұрудың арқау-негізін қалау қажеттігін білдіреді»,- деді ол. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту мерзімі таянған сайын отандық өнеркәсіп өнімінің әлемдік нарықтағы бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатының маңызы арта түсуде.
Индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін мынадай шараларды қолдану көзделіп отыр : салық және тариф саясатын жетілдіру, қаржылық даму институттарын құру, ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру, шағын бизнес субьектілерін екі бағытта бірдей интеграциялау. 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап жекелеген салық ставкаларын азайту, атап айтсақ, Қосымша Құн салығы ставкасын 15 проценке дейін, әлеуметтік салықты 7-20 процент аралығында белгілеу, жеке кіріс салығын 30 проценттен 20 проценке дейін азайту жоспарланды. Салық ауыртпалығын азайту мәселесі тұрақты қаралып отыратын болады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің инвестициялық тартымдылығын арттыру және қосалқы құны жоғары боп келетін жоғары технологиялық өнімдер өндірісін ынталандыру үшін үкіметке инвестициялық жобалардың қайсысына қатысудың артықша тиімділігін айқындау талабы қойылып отыр. Жалпы алғанда, инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы сақталып, келісім шарттарының кепілділігі қамтамасыз етіледі. Қаржылық даму институттарын құру — қысқа мерзімді мақсатқа жатады.
Инвестициялық қор қосалқы құны жоғары боп келетін жоғары технологиялық өнімдер өндіретін компаниялардың капиталына өзіндік үлес қосатын болады. Ал инновациялық қор өндіріске озық технологиялар енгізу және оны жобалауға, инновациялық процесстер мен ғылыми-техникалық зерттеулер жобасын жасауға атсалысады. Экспортты қамсыздандыру корпорациясы шетелдік рыноктарға шығуға ниет білдірген қазақстандық кәсіпорындарға қолұшын береді.
Алдағы үш жылда Қарашығанақ , Теңіз және басқа да кеніштерді игеру негізінде көмірсутегі шикізатын өндіру көлемі артып, Каспий шельфі құрылымдарында барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Амангелді тобының көгілдір отын кеніштерін игеру жұмысы одан әрі жалғасып, Солтүстік-Оңтүстік бағыттағы транзиттік электр тарату жүйесінің екінші желісінің жобасын жүзеге асыру жұмысы қолға алынады.

Соңғы жаңалықтар