Парламент "Президент туралы" конституциялық заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады; екінші оқылым 18-маусымға белгіленген - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент "Президент туралы" конституциялық заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады; екінші оқылым 18-маусымға белгіленген

Парламент "Президент туралы" конституциялық заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады; екінші оқылым 18-маусымға белгіленген

АСТАНА. 8-маусым. Kazakhstan Today. Парламент палаталарының бүгін өткен бірлескен отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының президенті туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 8 Маусым 2007
  • 588
Фото - Caravan.kz

Бұл шешім үшін мәжілістің 64, сенаттың 35 депутаты дауыс берді.

Қолданыстағы «Президент туралы» конституциялық заңға Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларға байланысты түзетулер енгізіліп отыр.

Заң жобасының нормаларымен «президентті сайлау мерзімі 7 жылдан 5 жылға дейін қысқартылмақ; президенттің өз өкілеттілігі мерзімінде саяси партиядағы іс-қызметін уақытша тоқтату туралы норма алынады; президенттің парламентке, үкіметке, сот пен судьяларға, Орталық сайлау комиссиясына, Ұлттық банкке және әкімдерге қатысты өкілеттілігі нақтыланады», деді заң жобасын парламентте таныстырған президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Оңалсын Жұмабеков.

Сонымен бірге, «президентке тек парламенттің ғана емес, парламент палатасының сайлауын белгілеу өкілеттілігі берілмек». «Парламентте ұлттық -мәдени және басқа да қоғамның маңызды мүдделерін қорғаушы өкілдерінің болуын қамтамасыз ету үшін президент бұрынғыдай сенаттың 7 емес, 15 депутатын тағайындайды»,- деді О.Жұмабеков.

Ол, сондай-ақ, «президентке заң шығаруға бастама көтеру құқығы беріліп отырғанын» еске салды. «Бұл бастаманы жүзеге асыру аясында жобасы жасалған заңнамалық актілер мәжілістің қарауына президенттің арнайы жолдауымен енгізіледі», деді О.Жұмабеков.

«Президент тек мәжілістің келісімімен ғана республика үкімет басшысын тағайындайды»,- деді О.Жұмабеков. Сонымен бірге, «президенттің сыртқы істер министрін, қорғаныс министрін, ішкі істер министрі мен әділет министрін өз бетімен тағайындау өкілеттілігі сақталып қалады», «ал Ұлттық банк төрағасын тек сенаттың келісімін ғана тағайындай алады».

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін парламент палаталарының бірлескен комиссиясына жолданды. Депутаттар «Қазақстан Республикасының президенті туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заң жобасын 18-маусымда екінші оқылымда қарайды деп күтілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті