Бұл құжат қаржы полициясы органдары туралы заңды «Қылмыстық процессуалдық Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкестендіру мақсатында жобалаған. 2004-жылдың 31-желтоқсанында қабылданған Қылмыстық процессуалдық Кодекске енгізілген түзетулер қаржы полициясына сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарды тектеп-тексеруге құзырет береді.
Сонымен бірге «Қаржы полициясы органдары туралы» заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігінің тікелей Елбасына бағыныштылығы туралы ережені заңдастырады.