Парламент Қазақстан даму банкі жүзеге асыратын операциялар тізімін арттыру жөніндегі заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-15 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент  Қазақстан даму банкі жүзеге асыратын операциялар тізімін арттыру жөніндегі заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Парламент Қазақстан даму банкі жүзеге асыратын операциялар тізімін арттыру жөніндегі заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Бүгін, 10-маусымда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары "Қазақстан даму банкі туралы" заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Маусым 2004
  • 535
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң бойынша Қазақстан даму банкі жүзеге асыратын операциялар тізімі кеңейтіліп, банкке лизинг операцияларын жүргізу және клиенттер үшін банк атынан кепілдік беру мүмкіндігі жасалады. Сондай-ақ, заңда банк активтерінің өтімділігін тиімді басқару және клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру үшін банктерден депозит қабылдау, банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асырушы ұйымдардың корреспонденттік есепшоттарын ашу және оны жүргізу, аккредитив ашу және оны растау, аккредитив бойынша міндеттемелерді орындау тәрізді қосымша операцияларды жүзеге асыру қарастырылған.

Қазақстан даму банкінің ерекше мәртебесіне байланысты заңда оған лицензия алмай-ақ, қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың іс-қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган атқаратын операцияларды жүзеге асыру құқығы беріледі.
Сондай-ақ, 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі құрылып, оған ҚР Ұлттық банкі функцияларының бір бөлігі берілуіне байланысты заңға аталмыш екі бірдей мемлекеттік органның Қазақстан даму банкінің іс-қызметін қадағалау құзыретін белгілеуге қатысты тиісті түзетулер енгізілді.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.