Жарияланды: 470

Парламент "Қазақстан Халқы ассамблеясы туралы" заңды қабылдады

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Халқы ассамблеясы туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасын "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы мемлекет басшысының 2007 жылдың 20 тамызында Қазақстан Халқы ассамблеясының сессиясында берген тапсырмасына сай жасаған. Құжаттың мақсаты - ассамблеяның мәртебесін, құрылу және қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындау. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін