Парламент Қазақстан мен Грузия арасындағы еркін сауда туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қазақстан мен Грузия арасындағы еркін сауда туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекітті

Парламент Қазақстан мен Грузия арасындағы еркін сауда туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекітті

Бүгін, 14-қыркүйекте өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының үкіметі мен мен Грузия үкіметі арасында 1997-жылдың 11-қарашасында қол қойылған еркін сауда туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы" заңды қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Қыркүйек 2005
  • 399
Фото - Caravan.kz



Сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысына сәйкес, бұл хаттамаға 2004-жылдың 11-қарашасында Женевада қол қойылған. Ол ҚР индустия және сауда министрлігі өкілдерінің қатысуымен сенат комитетінің 2005-жылғы 5-қыркүйектегі кеңейтілген отырысында қаралды.
«Хаттаманың мақсаты — 1999-жылғы 23-маусымдағы заңмен бекітілген Қазақстан Республикасының үкіметі мен мен Грузия үкіметі арасындағы еркін сауда туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу болып табылады»,- деді ҚР индустия және сауда министрінің орынбасары Болат Смағұлов.
Қазіргі таңда келісімнің негізінде Қазақстан Грузиямен арадағы еркін сауда бойынша спиртті және спиртсіз өнімдер, темекі мен қанттан алым алады. Ал Грузия Қазақстандық өнімдерге қатысты алым қолданбайды.
Хаттама бойынша 2005-жылдың 1-сәуірінен бастап Қазақстан мен Грузия арасындағы еркін сауда режиміндегі алымдарды біртіндеп алып тастау қарастырылған.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта