Сөйтіп, заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Жекешелендіруден кейінгі ауылшаруашылығын қолдау» жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаны жүзеге асыру аясында келісімге қол қойылды. Бағдарламаның бірінші кезеңі 1998-2003-жылдарда жүзеге асырылған. Оның екінші кезеңі 5 жылда жүзеге асырылады деп күтілуде.
Бағдарламаның басты мақсаты — ауылшаруашылғын несиелендіру жүйесінің тұрақтылығын арттыру, ауылшаруашылығына ұзақ мерзімді несиелер беру арқылы ауылшаруашылығы кәсіпорындарының кірісін тұрақтандыру болып табылады.
Несие аясында 2006-жылдан бастап ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру үшін 60 млн. доллардың, ауылдағы шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін 6 млн. доллардың несиелік желісін ашу көзделіп отыр. Несие 5 жылдық жеңілдетілген мерзіммен қоса 17 жылға беріледі.
Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы несие туралы келісімге 2005-жылдың 1-сәуірінде қол қойылған.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.