Парламент Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық байланыстар туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық байланыстар туралы  келісімді бекітті

Парламент Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық байланыстар туралы келісімді бекітті

АСТАНА. 19-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен жалпы отырыста сенат депутаттары "Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық байланыстар туралы келісімді бекіту жөніндегі" заңды қабылдады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Қазан 2006
  • 405
Фото - Caravan.kz

Бұл келісімде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы түрлі салалардағы одақтастық байланыстардың басты бағыттары айқындалған.

Келісімге сәйкес, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық мынадай бағыттарда, атап айтсақ, ұлттық заңнамаларлы үйлестіру, өзара қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында біртұтас саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік шекараны қорғау мен әскери құрылым саласында ортақ принциптерді жасау, қаржылық, ақша-қарыз және бюджет жүйелерін үйлестіру, ортақ инфрақұрылым қалыптастыру, көлік-коммуникациялық және энергетикалық жүйелерді біріктіру.

Келісімнің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін Жоғарғы мемлекетаралық кеңес құру көзделген. Оның іс-қызметін сыртқы істер министрлерінің кеңесі үйлестіреді.

Келісімге 2003-жылдың 25-желтоқсанында Астанада қол қойылды.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта