Парламент Қазақстан мен Ресей арасындағы әскерді пайдалану туралы бірлесіп жоспар құруға қатысты келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қазақстан мен Ресей арасындағы әскерді пайдалану туралы бірлесіп жоспар құруға қатысты келісімді бекітті

Парламент Қазақстан мен Ресей арасындағы әскерді пайдалану туралы бірлесіп жоспар құруға қатысты келісімді бекітті

Бүгін, 24-наурызда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар екі елдің қауіпсіздігін бірлесе қамтамасыз ету үшін Қазақстан мен Ресей арасындағы әскерді пайдалану туралы бірлесіп жоспар құруға қатысты келісімді бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Наурыз 2005
  • 542
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімнің мақсаты — қорғанысты бірлесіп қамтамасыз ету үшін күш біріктіру және келісілген әрекеттерді жүзеге асыруға саяды. Құжатқа сәйкес, уәкілетті мекемелер — ҚР және РФ қораныс министрліктері — әскери-саяси ахуалды бірлесе талдап, әскери коалициялық топтың құрамын анықтап, республикалардың заңдарына сайоларды бірлесіп пайдалану туралы жоспар құратын болады. Сонымен бірге екі елдің қорғаныс мекемелері әскерді бірлесіп пайдалануды жоспарлауға қатысты құжаттардың тізімін, бұл құжаттардың күшіне ену мерзімі мен ретін келісіп, өзара ықпалдастықты ұйымдастырып жүзеге асыру, коалициялық топқа қамту үшін сұрыпталған әскерлер арасындағы байланыс пен жасырын басқару принциптерін жобалайды.

Бастапқыда 5 жыл мерзіммен қол қойылған келісім алдағы уақытта автоматты түрде осындай мерзімге ұзартылып отырады.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.
Ресей бұл келісімді 2005-жылдың ақпан айында бекіткен.

Перейти к новостям спорта