Жаңа заң жобасын парламентшілерге ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев таныстырады. Үкіметтің түсініктемесіне жүгінсек, бұл келісімге қол қою республиканың ұлттық қауіпсіздік мүддесіне, оның қорғаныс қабілетін нығайту талабына сай келумен бірге Қазақстан тарапынан жүктеп алған халықаралық міндеттемелерге сәйкес.