Парламент Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы несиелік келісімді ратификациялады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы несиелік келісімді ратификациялады

Парламент Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы несиелік келісімді ратификациялады

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Сенат Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы несиелік келісімді (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында институттық реформа жүргізу және технолгиялар беру жобасы бойынша) ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Қазан 2008
  • 503
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында институттық реформа жүргізу және технолгиялар беру жобасы бойынша) несиелік келісімге Астанада ағымдағы жылдың ақпан айында қол қоылған. Келісімнің мақсаты — Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін реформалау және дамыту жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның аясында медициналық қызмет көрсету мен жоспарлаудың халықаралық стандарттарын енгізу, әдістемелерді жетілдіруге саяды.

Бұл келісім бойынша тараптар арасында несие алар алдындағы келіссөздер жүргізіліп, онда бірқатар іс-шараны өткізуге несие тарту жөнінде келісілді. Атап айтсақ, денсаулық сақтау саласын басқаруды қаржыландыру, медициналық қызметтің сапасын көтеру, фармацевтикалық саясатты реформалауға несие бөлінеді. Уағдаға сәйкес Халықаралық қайта құру және даму банкі Қазақстанға $117 млн 700 мың беруге дайын. Несие 15 жылға беріледі, соның ішінде несиенің негізгі бөлігін қайтаратын бес жылда жеңілдік жасалады. Бұл несиеге республикалық бюджеттен $178 млн көлемінде тең қаржыландыру қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар