Жарияланды: 370

Парламент Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы технологияларды коммерциализациялау жөніндегі жоба бойынша несиелік келісімді ратификациялады

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Сенат "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы технологияларды коммерциализациялау жөніндегі жоба бойынша несиелік келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Еліміздің білім және ғылым вице-министрі Күләш Шәмшидинованың айтуынша, бұл жоба бойынша несиелік келісімге ағымдағы жылдың ақпан айында қол қойылған. Құжатқа сай, Әлемдік банк $13,4 млн көлемінде несие бөледі. Республикалық бюджеттен тең қаржыландыру есебінен $61,6 млн бөлінбек. Әлемдік банк несиесінің мерзімі 5 жылдық жеңілдік мерзімін қосқанда - 15 жыл. Жобаның бір ерекшелігі - ғылым жөніндегі халықаралық кеңестің құрылатындығында. Оған халықаралық сарапшылар мен кеңесшілер енеді. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі - 2008 - 2012 жылдар, деді К. Шәмшидинова. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін