Парламент Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарындағы су қамтамасыздығын қалпына келтіру үшін Азия даму банкінің несиесін тарту туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарындағы су қамтамасыздығын қалпына келтіру үшін Азия даму банкінің несиесін тарту туралы келісімді бекітті

Парламент Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарындағы су қамтамасыздығын қалпына келтіру үшін Азия даму банкінің несиесін тарту туралы келісімді бекітті

Бүгін, 18-қарашада өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары Азия даму банкі тарапынан Қазақстанға ауылдық аумақтарды сумен қамтамасыз ету және су құбыры жүйесі жөніндегі салалық жобаларды жүзеге асыруға несие бөлу туралы келісімді бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Қараша 2004
  • 429
Фото - Caravan.kz

Несие сумен қамтамасыз ету және канализация жүйелерін қалпына келтіру, суды тазарту, тарату және жинау қондырғылары, насостық станциялар мен су құбырларын жөндеу секілді жұмыстарды атқаруға жұмсалады.

Жоба Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылады. Жоба 2009-жылдың 31-желтоқсанында аяқталады деп жоспарланған.
Жоба құны 34,6 млн. долларға тең. Азия даму банкі бұл несиені өзінің қарапайым капитал қорынан 5 жылдық жеңілдетілген мерзіммен ЛИБОР ставкасына сәйкес 25 жылға бермекші.
Республикалық бюджеттен 14,435 млн. доллар бөлу қарастырылған. Облыстық бюджеттерден 4,05 млн. долар бөлу қарастырылып отыр.
Несие беру туралы келісімге 2004-жылдың 9-ақпанында Астанада қол қойылды.
Келісімді бекіту туралы заң Елбасының қол қоюына жолданды.

Перейти к новостям спорта