Парламент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады

Парламент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады

Астана. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті, заң жобасы қабылданды деп танылып, президенттің қол қоюына жолданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Қараша 2008
  • 480
Фото - Caravan.kz

Парламент депутаттары бастамашы болған осы заң жобасы мемлекет пен діни ұйымдардың өзара қарым-қатынасын реттеу мәселесін тәртіпке келтіру, діни ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін заңды түрде бекіту қажеттілігінен туындаған.

Парламент депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Әскери қызмет және әскери міндеттілік туралы» заңдарға толықтырулар енгізуді ұсынған.

Ұсынылған толықтырулар негізінен діни бірлестіктердің қызметін және құқықтық мәртебесін реттеуге бағытталған. Сондай-ақ мемлекеттің бақылау функцияларын және діни бірлестіктердің жауапкершілігін күшейтуді көздейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар