Парламент "Қазақстан Республикасының жоғарғы сот кеңесі туралы" заңды қабылдады (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент "Қазақстан Республикасының жоғарғы сот кеңесі туралы" заңды қабылдады (толық нұсқасы)

Парламент "Қазақстан Республикасының жоғарғы сот кеңесі туралы" заңды қабылдады (толық нұсқасы)

Алматы. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының жоғарғы сот кеңесі туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қазан 2008
  • 767
Фото - Caravan.kz

Бұл заң жобасы жоғарғы сот кеңесі туралы заңның Конституцияға өткен жылдың мамыр айында енгізілген түзетулермен сәйкестендірілген жаңа редакциясы болып табылады.

Қазақстанның Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабековтың айтуынша, бұл заң жобасында кеңестің мәртебесі Қазақстан Республикасы президентінің соттарды жасақтау, судьялардың тәуелсіздігі мен олардың құқықтарына қол сұғылмаушылығына кепілдік беру жөніндегі конституциялық өкілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында заңды тұлға құрмай-ақ жасақталатын мекеме ретінде білгіленген.

Заң жобасының мақсаты «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын 2007 жылғы 21 мамырда Ата заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкестендіру мен еліміздің сот жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады. Құжатта Жоғарғы және облыстық соттардың құрылымын өзгерту көзделеді. Жоғарғы соттың қадағалау алқасы, азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі алқалары азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы, қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы болып қайта құрылады. Облыстық сотта қадағалау алқасы таратылады, ал азаматтық және қылмыстық істер жөннідегі алқалар аппеляциялық сот алқасы және кассациялық сот алқасы болып қайта құрылады. Жоғарғы соттың және облыстық соттың судьялары қызметіне кандидаттарға қойылатын талаптар күшейтіледі.

Заң жобасы Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынысымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген соңғы толықтыруларға байланысты әзірленген. Жобада тәуелсіз сот билігін нығайту, аудандық соттардың рөлін бірінші сатыдағы сот ретінде күшейту мәселелері қаралған. Сонымен қатар Жоғарғы сот кеңесінің мәртебесі айқындалады. Судьялардың кәсіби сапасына қойылар талап көтеріліп, нақты іс қараған кездегі жауапкершілігі арттырылады.

Заң парламентте қабылданды деп танылып, президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар