Парламент Қазақстанда мемлекеттік исламдық құнды қағаздарын шығаруға мүмкіндік беретін заң қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қазақстанда мемлекеттік исламдық құнды қағаздарын шығаруға мүмкіндік беретін заң қабылдады

Парламент Қазақстанда мемлекеттік исламдық құнды қағаздарын шығаруға мүмкіндік беретін заң қабылдады

ҚР Парламентінің мәжілісі сәрсенбі күні пленарлық отырысында сенат ұсынған түзетулермен келісіп, «ҚР кейбір заң актілеріне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

  • 29 Маусым 2011
  • 468
Фото - Caravan.kz

Заң қабылданды деп есептеледі және қол қою үшін президентке жолданады.

Бұған дейін хабарланғандай, заң жобасы заңнамада исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша болған, нақтырайқ айтқанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарын шығару бағытындағы олқылықтарды жою мақсатында әзірленді.

«Мемлекеттік құнды қағаздарды шығару бойынша заң жобасын жүзеге асыру «Үкіметтің қарызына қызмет көрсету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі», — делінген палатаның салалық комитетінің қорытындысында.

Заң жобасын депутаттарға таныстырған қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, түзетулерді қабылдау республикалық бюджеттің дефицитін қаржыландыру үшін инвесторларды тарту мақсатында, сондай-ақ, Қазақстанның корпоративті секторы үшін бағдар белгілеу (бенчмарка) үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарын шығару үшін қажет құқықтық нормативтік базаны қамтамасыз етеді.

«Келесі түзетулерді енгізу ұсынылған: оригинаторлар тізіміне мемлекеттік мекемені, сондай-ақ, құзырлы орган белгіленген белгілі бір рейтингі бар заңды тұлғаларды енгізу, исламдық қаржылық компанияның мемлекеттік мекемесін анықтау, жалға алу сертификаттарын ұстаушылардың қосалқы жалға алу келісімі бойынша кіріс алу тетігін бекіту», — деді вице-министр.

Егеменді исламдық құнды қағаздарды шығару шеңберінде бөлінген активтер республикалық автокөлік жолдары болады деп жоспарланып отыр.

«Бұл таңдауға жолдардың құнының жоғары болуы әсер етті», — деп түсіндірді Б. Шолпанқұлов.

Соңғы жаңалықтар