Парламент Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімді бекітті - толықтырылған нұсқа - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент  Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімді  бекітті - толықтырылған нұсқа

Парламент Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімді бекітті - толықтырылған нұсқа

Бүгін, 23-қарашада сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы екі ел арасындағы келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Қараша 2005
  • 542
Фото - Caravan.kz

Бұл заңды қабылдауды сенаттың 34 депутаты қодап дауыс берді.

«Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының сызығын белгілеу қажеттігі Қазақстан мен Ресей арасында шекара сызығы бұған дейін мүлдем заңдастырылмай келуіне байланысты туындады»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімге екі ел президенті 2005-жылдың 18-қаңтарында Мәскеуде қол қойды.
Заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевтың айтуынша, келіссөздер барысында бұған дейін реттелмей келген екі топ учаске анықталды. Қ.Тоқаевтың айтуынша, «газ конденсаты кеніші орналасқан Имашев учаскесі арқылы өтетін мемлекеттік шекара сызығын айқындау аса қиынға түскен».
«Қол жеткізілген келісімге сәйкес, мемлекеттік шекара сызығын айқындауда Имашев учаскесі екі елге бірдей екіге бөлініп, кенішті алдағы уақытта екі ел күш біріктіре игеруге уағадаласты. Бұл мәселе енді і екі жақты үкіметаралық комиссияның құзырында»,- деді Қ.Тоқаев.
Сыртқы істер министрі сонымен бірге Огнеупорный ауылына қатысты мәселенің де басы ашылғанын жеткізді. Мәмілеге сәйкес, карьер Қазақстан аумағында қалады, ал ауыл Ресейдің қарамағына өтеді.
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы 7591 шақырымды құрайды.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта