Парламент ҚР үкіметі мен Түркия арасындағы кеден ісі саласындағы әкімшілік көмек туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 516.77
  • 542.87
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент ҚР үкіметі мен Түркия арасындағы кеден ісі саласындағы әкімшілік көмек туралы келісімді бекітті

Парламент ҚР үкіметі мен Түркия арасындағы кеден ісі саласындағы әкімшілік көмек туралы келісімді бекітті

Бүгін, 24-маусымда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары ҚР үкіметі мен Түркия арасындағы кеден ісі саласындағы әкімшілік көмек туралы келісімді бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 24 Маусым 2004
  • 530
Фото - Caravan.kz

Келісімнің мақсаты — екі мемлекет арасындағы экономикалық байланыстар қарқынды дамып келе жатқан қазіргі жағдайда кеден ісі саласында іс жүзінде әрі ұзақ мерзімді ықпалдастық орнату, екі жақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту болмақ.

Келісімді жүзеге асыру бюджет қоржынына құйылатын кедендік түсімдерді арттыруға, кедендік заң бұзушылық оқиғаларымен күрес саласындағы ынтымақтастықты пәрмендендіруге, екі елдің экономикалық мүддесін қорғауға мүмкіндік береді.
Келісім сондай-ақ, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен күрес саласында тиімді ынтымақтастық орнатуға, кеден заңын бұзу көріністерін әшкерелеу және олардың алдын алуға, кеден мекемесі қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыруға септігін тигізбек.
Келісімге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2002-жылғы 22-мамырдағы Түркияға ресми сапары кезінде қол қойылған.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.