Парламент Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерге енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерге енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Парламент Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерге енгізілетін түзетулерді мақұлдады

АСТАНА. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша парламент палаталары арасында туындаған келіспеушілікті еңсеру үшін құрылған келісім комиссиясының шешімін мақұлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 21 Желтоқсан 2006
  • 576
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, заң қабылданды деп танылып, президенттің қол қоюына жолданды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасымен «ғимараттарды дұрыс салмау және дұрыс жөндеу жүргізбеу, автожолдар мен нысандарды дұмыс салмау салдарынан адам қаза тапқан немесе басқа да ауыр зардап шеккен жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту» көзделіп отыр. Мұндай норма енгізу тұрғын үй және әкімшілік ғимарататрдың көптеп тұрғызылуына және автожолдарды тарту аясының кеңеюі мен олардың сапасыз салыну деректерінің көбеюіне байланысты.

Сонымен бірге бұл заңның жобасында ұялы телефондарға қатысты қитұрқылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Мәселен, мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, «абоненттік құрылғының тану белгісі — кодын заңсыз өзгерту, бағдарламасын өзгерту, абонентті айыра тану картасын ауыстыру, ұялы байланысқа арналған абоненттік құрылғының кодын өзгертуге немесе оның бағдарламасын өзгертуге бағытталған жаңа бағдарламалар жасау немесе тарату әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған».

Заңдарға өзгерістер енгізу жөніндегі бастама 2005-жылы елімізде ұялы телефондарды ұрлауға қатысты 15 мыңнан астам деректің тіркелуіне, осындай қылмыстар санының көбейе түсуіне тікелей байланысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта