Парламент рұқсат беру жүйесін жетілдіруге бағытталған заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент рұқсат беру жүйесін жетілдіруге бағытталған заңды қабылдады

Парламент рұқсат беру жүйесін жетілдіруге бағытталған заңды қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қос палата арасында келісім комиссиясының ұсыныстарын талқылап, құжатты қабылдады.

  • 9 Маусым 2011
  • 327
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына Сенат бірқатар түзету жасап, құжатты кері қайтарған болатын. Осыған орай, Мәжіліс тарапынан келісім комиссиясын құру туралы бастама жасалған еді. Заң жобасына келетін болсақ, құжат рұқсат беру саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге арналып отыр. Мемлекет басшысының жолдауларында Үкіметке әкімшілік реформа шеңберінде бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені батыл азайту, рұқсат беру жүйесін, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды, аккредиттеуді одан әрі оңайлатуды тапсырған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін аталған заң жобасы әзірленген. Заң жобасымен 54 заңнамалық актіге, оның ішінде 5 кодекс пен 49 заңға өзгерістер енгізіледі. Енгізілген өзгерістер жекелеген рұқсат беру құжаттарын беру жөніндегі нормаларды, артық талаптарды, заңнамалық актілер нормаларының арасындағы қайшылықтарды алып тастауға септігін тигізеді. Бұдан бөлек, құжатта лицензия беру мерзімін қысқартуға, қызмет түрлерінің атауларын өзгерту жолымен жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау жөніндегі талаптардың қолданылу саласын ықшамдауға бағытталған нормалар қамтылады.

Соңғы жаңалықтар