Парламент сайлау туралы заңнамаларға енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент сайлау туралы заңнамаларға енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Парламент сайлау туралы заңнамаларға енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Бүгін, 26-қаңтарда өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында халық қалаулылары "ҚР сайлау туралы" Конституциялық заңына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды алғашқы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 26 Қаңтар 2004
  • 430
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, парламентке «ҚР сайлау туралы» заңының үкіметтік және «Ауыл» депутаттық фракциясы дайындаған екі түрлі жобасы ұсынылған болатын. Парламент палаталарының 2003-жылғы 26-қаңтарда өткен бірлескен отырысында құрылған бірлескен комиссия заң жобасының екі нұсқасын бірдей сарапқа салу нәтижесінде депутаттарға үкіметтік үлгіні негіз етіп алу жөнінде нұсқау берді.

«Үкімет онсыз да оңайға соқпай тұрған сайлау процессін одан әрі шиеленістіріп жіберуге апарып соғатын ұшқарылық пен радикализмнен бойын аулақ ұстай алды»,- деді келісім комиссиясының төрағасы Жазбек Әбдиев. Сондай-ақ, оның айтуынша,
«депутаттар тарапынан ұсынылған заң жобасының, сөз жоқ, назар аударуға тұрарлық тұстары көп. Дейтұрғанмен олар ұсынып отырған өзгертулер мен толықтырулар еліміздің көптеген заңнамалық акттілеріне, соның ішінде еліміздің Ата заңына да өзгертулер енгізуді талап етеді».
Бүгінгі отырыс барысында «Ауыл» партиясының жетекшісі Ғани Қалиевтің мәлімдегеніндей, «Ауыл» партиясы депутаттарының басым бөлігі «ҚР сайлау туралы заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заңның өздері дайындаған жобасына қойған қолдарын кері қайтарып алды. Оның айтуынша, депутаттар үкімет және ҚР Орталық сайлау комиссиясының өкілдерімен кездесулер өткізген. «Заң жобасының үкіметтік үлгісін дайындаушылармен өткізген салиқалы әңгіме талқыланушы заң жобалары бойынша өзара пәтуаластыққа алып келді»,- деді Ғ.Қалиев. Атап айтсақ, депутаттар кейбір мәселе бойынша, соның ішінде «сотталған немесе сот бойынша мерзімін өтеуші азаматтар сайланбалы лауазымдарға үміткер ретінде ат ұсынуға құқысыз болуы тиіс» деген мәселе бойынша үкіметпен ортақ мәмілеге келген. Сондай-ақ, депутаттар мен үкімет «округтік және учаскелік сайлау комиссияларын тиісті мәслихаттар құрып, комиссияға сайлауға қатысушы әрбір саяси партиядан бір өкілден барлығы 7 адамнан қамтылуы тиіс» деген ұйғарымға келді. Бұған қоса, Ғ.Қалиевтің айтуынша, үкімет дауыс беру барысында мөлдір сайлау жәшіктерін пайдалануға келісімін берген.
Өз кезегінде депутаттар сауалына жауап берген ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабеков үкіметтің «сайлау комиссияларын құру тәртіптеріне өзгерістер енгізу жайындағы ұсыныспен» келіскенін дәлелдеді.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында заң жобасын екінші оқылымға дайындау жөніндегі келісім комиссиясы құрылды.

Соңғы жаңалықтар