Парламент сауда-өнеркәсіптік палаталар туралы заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент сауда-өнеркәсіптік палаталар туралы заңды қабылдады

Парламент сауда-өнеркәсіптік палаталар туралы заңды қабылдады

Бүгін, 13-сәуірде өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Сауда-өнеркәсіптік палаталар туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Сәуiр 2005
  • 431
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының бекітуіне жолданды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң коммерциялық емес ұйымның дербес ұйымдастырушылық-құқықтық формасы ретінде Сауда-өнеркәсіптік палаталардың құқықтық ахуалының ерекшеліктерін айқындау мақсатын көздейді. Заң жобасына сәйкес, Сауда-өнеркәсіптік палаталардың басты мақсаты Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға түрткі болу, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың жаңаша түрлерін игеруге нақты көмектер көрсетуге саяды.
Сенат депутаттары заң жобасына жоба нормаларын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестендіруге бағытталған түзетулер енгізді. Сонымен бірге сенат депутаттары заң жобасының кейбір нормаларын нақтылап, кейбір қайталанбалы тәртіптерді алып тастады.

Перейти к новостям спорта