Парламент сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңына өзгерістер енгізу туралы заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңына өзгерістер енгізу туралы  заңды қабылдады

Парламент сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңына өзгерістер енгізу туралы заңды қабылдады

АСТАНА. 20-қараша . Kazakhstan Today . Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңына өзгерістер енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Қараша 2006
  • 980
Фото - Caravan.kz

Заңмен құрылыс қызметіндегі бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталына шетелдік қатысушылардың үлесін 49 процентпен шектейтін нормалар алып тасталынады. Сол арқылы шетелдік жеке және заңды тұлғалардың мемлекетіміздің аумағында сәулет, құрылыс қызметін жүзеге асыруына жасалатын кедергілер жойылады.

Осыған байланысты отандық кәсіпкерлердің шетелдік құрылыс компанияларымен ынтымақтастығы артып, бәсекелестігі үшін мүмкіндіктер кеңейе түседі. Құрылыс индустриясының қажеттілігін неғұрлым толығырақ қанағаттандыруға да жағдай жасалатын болады. Сол секілді халықаралық талаптардың орындалуы назарға алынады. Талаптардың сақталуы республикамыздың Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі үшін қажет.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта