Парламент сенатында "2004-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының тұсаукесер рәсімі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент сенатында "2004-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының тұсаукесер рәсімі болды

Парламент сенатында "2004-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының тұсаукесер рәсімі болды

Бүгін, 15-қазанда парламент сенатында "2004-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының тұсаукесер рәсімі болды,- деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметінен.

  • 15 Қазан 2003
  • 507
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, онда ҚР бюджетті жоспарлау және экономика министрі Қайрат Келімбетов сенаторлар алдында келесі жылғы бюджеттің негізгі бағыт-бағдарынан қысқаша түсінік берді.

Еліміздің ең басты қаржылық құжаты Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясын, Каспий теңізі қайраңының қазақстандық секторын игерудің 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған және мемлекеттік аграралық азық-түлік, «Ауыз су», «Мәдени мұра» салалық бағдарламалар тәрізді көптеген маңызды мақсаттарды іске асыруды көздейді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылғы республикалық бюджеттің түсімі 862,2 млрд. теңгені, бюджет шығыны 954,8 млрд. теңгені, республикалық бюджеттің дефициті 92,7 млрд. теңгені , немесе Ішкі Жалпы Өнімнің 1,9 процентін құрайды деп жоспарланды.
2004 жылдың бюджет жобасының кіріс бөлігі Салық кодексінің ережелеріне сәйкес құрылған.
Жеке табыс салығының ставкасын төмендету және әлеуметтік салықтың регрессивтік шкаласын енгізу жолымен 2004 жылдың 1- қаңтарынан бастап қызметкерлердің кірістеріне салық жүктемесі азайтылады. Сондай-ақ, қосымша құн салығының ставкасы 16-дан 15-пайызға дейін төмендетіледі. Бұл шағын кәсіпкерлікті дамыту индикаторларын жақсартуға, арнайы салық режимдерін қолдану саласын кеңейтуге мүмкіндік бермек.
Кездесуде мемлекеттік бюджеттің 2004 жылға арналған негізгі болжамды көрсеткіштері жөнінде ақпар беріліп, сенат депутатарының сауалдарына жауап қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар