Парламент сенатының бесінші сессиядағы алғашқы жалпы отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент сенатының бесінші сессиядағы алғашқы жалпы отырысы өтеді

Парламент сенатының бесінші сессиядағы алғашқы жалпы отырысы өтеді

Ертең, 18-қыркүйекте парламент сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімовтың төрағалық етуімен палатаның бесінші сессиядағы алғашқы жалпы отырысы өтеді.

  • 17 Қыркүйек 2003
  • 427
Фото - Caravan.kz

Жалпы отырыста бес түрлі құжат қарау межеленген,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне сенаттың баспасөз қызметінен.

Сенаторлар ҚР Азаматтық Кодексінің жалпы бөліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі, сондай-ақ, «ҚР экспорттық бақылу туралы» заң жобаларын сарапқа салады. Сондай-ақ, депутаттық мандатынан айрылған Ақмола облыстық депутатының орнына жуырда сайланған жаңа әріптестері Светлана Жалмағамбетованы Сенаттың тұрақты комитетінің құрамына сайлау мәселесін , сондай-ақ, «Этил спирті мен спиртті өнімдердің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу жөніндегі» заң жобасына қатысты туындаған келіспеушілікті еңсеру мәселесін талқылайды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар