Парламент сенатының төрағасы Қазақстан мен Орталық Азиядағы Апостол Нунцийі, Архиепископ Мигель Буендианы қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент сенатының төрағасы Қазақстан мен Орталық Азиядағы Апостол Нунцийі, Архиепископ Мигель Буендианы қабылдады

Парламент сенатының төрағасы Қазақстан мен Орталық Азиядағы Апостол Нунцийі, Архиепископ Мигель Буендианы қабылдады

Астана, 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Қазақстан мен Орталық Азиядағы Апостол Нунцийі, Архиепископ Мигель Буендианы қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Қазан 2008
  • 427
Фото - Caravan.kz

Архиепископ сенат төрағасы — Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі хатшылығының басшысы Қ.Тоқаевқа Ватикан Мемлекеттік хатшысы Т.Бертоненің жауап хатын табыс етті. Киелі тақтың мемлекеттік хатшысы өз хатында үстіміздегі жылдың 28-29 қазанында Алматы қаласында өтетін Съез хатшылығының VII отырысына шақыруына алғысын білдіріп, алдағы кездесуге Ватиканнан Папаның Дінаралық үнқатысу кеңесі ислам мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Х.Акаше қатысатынын хабарлады.

Қ.Тоқаев дінаралық үнқатысуларды дамытуға бағытталған қазақстандық бастамаларды қолдауда Киелі тақтың айнымастығына алғыс айта келіп, Қазақстан мен Ватикан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

М.Буендиа өз кезегінде жоғарғы палата басшысын Киелі Тақ бұдан былай да біздің еліміздің жаһандық деңгейдегі бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлеріеің съезін өткізудегі ерік-жігерін белсенді түрде қолдайтынын жеткізді.

Еске сала кетейік, Х.Акаше былтырғы қыркүйекте Астанада өткен Съез хатшылығының 6 — отырысына қатысып, үшінші съездің қорытынды құжаттарының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына енген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар