Парламент сессиясында Мәжіліс төрағасы Үкіметтің кемшіліктеріне көбірек тоқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент сессиясында Мәжіліс төрағасы  Үкіметтің кемшіліктеріне көбірек тоқталды

Парламент сессиясында Мәжіліс төрағасы Үкіметтің кемшіліктеріне көбірек тоқталды

Парламент бүгін кезекті сессиясын тәмамдады. Жыл ішінде депутатар 140-тан астам заң жобасын қабылдап үлгерген. Осылайша өткен 10 ай бойы халықтың қамы үшін жұмыс істеген олар енді өз демалыстарын жоспарлауда. Қос палатаның бірлескен отырысында Парламент жұмысына қорытынды жасалып, арнайы қаулы қабылданды.

  • 1 Шiлде 2011
  • 664
Фото - Caravan.kz

Осылайша еліміз бүгінен бастап алдағы екі айда парламентсіз өмір сүретін болады; қос палата депутатары демалысқа шықты. Келесі күзге дейін олар сайлаушыларымен кездесіп, келесі, яғни соңғы сессияға жақсы дайындықпен келулері қажет. Соңғы дейтін себебіміз:2012 жылы қазіргі Мәжілістің мерзімі аяқталады.  

Бүгінгі отырыста қос палата да өткен 10 ай ішінде заң шығару ісінде атқарған жұмыстарына есеп беруге тырысты. Жалпы Парламент қоржынына осы сессияда 190 заң жобасы түссе, оның 141-і қабылданған. Олардың ішінде  басты құжат — Конституцияға да өзгерістер енгізілген.  Сондай-ақ  сессия барысында депутаттар тарапынан көкейкесті  мәселелер бойынша Үкіметке 900-ге жуық сауал жолданыпты.  

Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты:

Депутаттар келген хаттарға әр кезде тыңғылықты жауап беруге тырысады. Хаттар өте көп келеді.  2007 жылдан бастап менің атыма 2800-ден артық хат келіпті. Олар әртүрлі мәселелерге байланысты.

Дегенменбұл жолғы сессияда да Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату мәселесі айтылмай қалмады. Мұндай бастама бірінші кезекте оппозициялық партиялар тарапынан жиі көтерілген еді. Ал «нұротандық» депутат Ирак Елекеевтің әріптестерінің жұмысына көңілі толмай,«үнсіз отырғанша,тарайық»деп үндеу тастауы күтпеген жаңалық болды.


Ирак Елекеев
, Мәжіліс депутаты:

— «Тарайық»дедім, егер үндемей отыра беретін болсақ. Егер халықтың мүддесін қорғай алмасақ, онда несіне отырамыз, мына жерде?!             

Алайда қорытынды бас қосуда Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов депутаттардың емес, Үкіметтің кемшіліктеріне көбірек тоқталды. Басты сын министрлер әкелетін заң жобаларының сапасына қатысты.

Орал Мұхамеджанов, Мәжіліс төрағасы:

— Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін заң жобаларының сапасы туралы қаншама айтылғанымен, бұл мәселе де көңіл көншітерлік нәтиже берген жоқ. Заң жобаларына қатысты енгізілетін материалдар да тиісінше рәсімделмейді.

Депутаттар енді өңірлерге шығып, елмен жүздесулері керек. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдауоңай шаруа емес. Сондықтан болар, олар    алдымен жақсы тынығудың қамын қарастыруда. Көбі шетелдегі демалыс орындарына қарай жол тартпақ. 

Орал Мұхамеджанов, Мәжіліс төрағасы:

Теңізге барам, міндетті түрде! Немерелерімді алып барам. Эгей теңізіне, Бодрумға барам. Мен жылда соған барам.

Ал қарапайым халыққа депутаттар демалып болғанша,  қоятын сұрақтарын сабақтай тұруға тура келеді.  

Соңғы жаңалықтар