Жарияланды: 390

Парламент Солтүстік Атлантикалық альянстың байланыс офицерінің Қазақстанда болу және қызмет жүргізу шарттары туралы келісімді ратификациялады

Астана. 2 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Солтүстік Атлантикалық альянстың байланыс офицерінің Қазақстанда болу және қызмет жүргізу шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлантикалық альянс арасындағы нота алмасу түріндегі келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі .

Бұл келісімге 2007 жылдың қараша айында қол қойылған. Заң президенттің қол қоюына ұсынылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть