Парламент "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" халықаралық қоғамы мен ҚР үкімет арасындағы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент  "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" халықаралық қоғамы мен ҚР үкімет арасындағы келісімді  бекітті

Парламент "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" халықаралық қоғамы мен ҚР үкімет арасындағы келісімді бекітті

Бүгін, 18-қарашада өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" халықаралық қоғамы мен Қазақстан үкіметі арасындағы келісім-шартты бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 18 Қараша 2004
  • 450
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң жобасы ата-ананың аялы алақанынан ада жетімдердің тұруы үшін Қазақстанда отбасылық үлгідегі балалар деревнясын құрудағы халықаралық қарым-қатынастарды реттеудің кейбір аспектілерін қарастырумен бірге осындай сәбилерге қайырымдылық және құқықтық көмек көрсетуді мұрат тұтады.

Заң жобасында ҚР бюджетіне міндетті төлемдер мен басқа да барлық түрлі салықтардан босатылған SOS- жобаларды салуға қажетті рұқсаттар алу жолдары ескерілген.
Келісім бойынша, Қазақстандағы SOS-балалар деревнялары, олардың активтері, кірістері мен басқа да меншіктері еліміз заңдарында қарастырылған барлық түрлі салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден, соның ішінде жеке кіріс салығынан да босатылады.
Қазіргі жағдаймен Қазақстанда «SOS KINDERDORF INTERNATIONAL» халықаралық қоғамының мұрындық болуымен Алматы, Астана және Теміртауда осындай деревнялар құрылған, ондағы отбасы үлгісіндегі 35 үйде 204 бала тәрбиеленуде.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта