Парламент "Сот сараптамасы туралы" заңға енгізілген түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент "Сот сараптамасы туралы" заңға енгізілген түзетулерді қабылдады

Парламент "Сот сараптамасы туралы" заңға енгізілген түзетулерді қабылдады

Бүгін, 4-мамырда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ҚР "Сот сараптамасы туралы" заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Сөйтіп заң қабылданды деп саналып, мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

  • 4 Мамыр 2005
  • 690
Фото - Caravan.kz

«Сенаттың түзетулері редакциялау және нақтылау сипатында, олар заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді»,- деді мәжіліс депутаты Сергей Жалыбин.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл құжат сот-сараптамалық қызметті тәуелсіз әрі обьективті жүргізу үшін заңнаманы жетілдіруді көздейді. Атап айтсақ, қазіргі қолданыстағы заңдарға сәйкес сарапшылар кәсіби шеберлік жөнінен емтихан тапсырумен бірге аттестациядан өтуге тиіс. Ал түзетулер сарапшыға кәсіби шеберлік жөніндегі емтиханнан өте сала бірден сот сараптамасын жүргізуге құқық береді. Ал аттестациялау шарасын бес жылда бір мәрте өткізіп тұру көзделген.
Сот-медициналық сарапшыларды аттестациялау шарасын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан жасақталған комиссияға, ал сот сараптамасы орталығының сарапшыларын аттестациялауды әділет министрлігінің комиссиясына жүктелді.

Перейти к новостям спорта