«Заң жобасы құқықтық саясат жөніндегі тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында сот жүйесін жетілдіруге бағытталған»,- деп мәлімдеді құжатты таныстырған ҚР Жоғары сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Әбдірашит Жүкенов.
Оның айтуынша, енгізілетін түзетулердің көмегімен қазіргі судьялар мен судьялық лауазымнан үміткерлерге қойылатын талапты күшейту ұсынылып отыр. Сонымен бірге заң жобасы «әділеттілікке қол жеткізу сапасын, әрбір судьяның кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігін көтерудің жаңа құқықтық тетігі болып табылатын сот қазылар алқасын қолданысқа енгізеді». «Сот қазылар алқасы Жоғарғы соттың жанынан құрылады және ол судьялардың кәсіби біліктілігі мен жұмысқа жарамдылық деңгейін анықтайды»,- деді Ә.Жүкенов.
Сонымен бірге «судьялар қоғамдастығының жауапкершілігін көтеру мен субьективизмнен құтылу үшін заң жобасы тәртіптік істерді қозғау құзыретін сот төрағаларынан судьялардың тәртіптік квалификациялық алқасына беруді ұсынып отыр».
Депутаттар заң жобасын 24-қарашада өтетін парламент палаталарының бірлескен отырысында екінші оқылымда қарамақшы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті